ШҚО-да қатерлі ісікке шалдыққандар көбейді

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:21 0

Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші 9,6 пайызға өсті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облыстық үйлестіру кеңесінде онкологиялық қызметтің жетістіктері мен мәселелері талқыланды. Бұл жиынға облыстық, қалалық және аудандық клиникалардың онколог-дәрігерлері, бас мамандар мен ПМСП ұйымдарының басшылары қатысты.

Өңірдің бас штаттан тыс онкологы, облыстық онкологиялық орталықтың директоры Гүлмира Сағидуллина 2025 жылдың 1-ші тоқсанындағы жұмыстардың қорытындысына тоқталды.  Оның айтуынша, облыс колоректальды қатерлі ісікке скринингпен қамту бойынша қызыл аймақта тұр. Қатерлі ісіктерге шалдығу көрсеткіші 9,6%-ға артқан, ал өлім-жітім деңгейі 1,1%-ға төмендеген.

Қазір онкологиялық аурулар есебінде 14 668 адам тұр. Жылдың алғашқы 3 айында қатерлі ісіктердің 585 жаңа жағдайы анықталған.
Ең жиі кездесетін ауру түрлері-сүт безі, өкпе және тоқ-ішек обырлары.

Сондай-ақ спикер медициналық ұйым басшыларын бағалау индикаторлары жөнінде айтып, бұл формальдылық емес, медициналық көмек көрсету сапасының объективті критерийлері екенін атап өтті.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив