“Өскемен-Астана” бағыты. SCAT әуекомпаниясына 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

ЖАҢАЛЫҚТАР / МАҢЫЗДЫ Кеше, 16:06 0

“Өскемен -Астана” рейсін ұзақ кешіктіргені үшін SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды, Bizdiң Өskemen тілшісі.

Күндізгі уақытта рейстің кешігуі 8 сағаттан артық болғанына қарамастан, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйде орналастыруды ұйымдастырмаған.

Тек кешкі сағат 22:00-ге қарай кезекші прокурор араласқаннан кейін ғана жолаушыларға демалуға жағдай жасалған. Оған дейін 180 жолаушы күні бойы әуежайдың күту залында отырған.

Шығыс Қазақстан Көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылғанына назарға алды.

Тексеру қорытындысы нәтижесінде SCAT әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив