Фильмде Ресей империясы мен Еуропаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған бастауыш сынып мұғалімінің өмір жолы туралы баяндалады.
Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салып, XX ғасырдың бас шеніндегі ірі түрколог ғалымдар оны қалай тең тұтқаны көрсетіледі.
Сондай-ақ бұл фильм өлім тәнін алса да,бірақ өзін ешқашан жоғалтпай, істеген барлықістері келер ұрпақтың игілігіне айналады деп сенген Ахметтің өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертеді.
Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен "Folklore media" студиясы түсірді.
Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілді.
Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының образын актер Азамат Сатыбалды сомдайды.
Жұбайы Бадрисафаның рөлін Дарья Александрова ойнайды. Әлихан Бөкейханов бейнесін сомдау Айдар Наурызбаевқа тапсырылған. Тағы бір танымал актер Еркебұлан Дайыров - Міржақып Дулатұлының образын бейнелейді.
Ал фильмнің қоюшы режиссерлері: Ерген Тоқмурзин, Ерлан Нұрмұхамбетов.
Продюсер және сценарий авторы: Ғалым Доскен;
Қоюшы оператор: Марс Умаров;
Қоюшы суретші: Амантур Бейсенбинов.