2025 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті түрде лицензиялау енгізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Бұл жаңалық жаңа Әлеуметтік кодекс нормаларын іске асырудың бір бөлігі болды. Лицензиялау туралы ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова хабарлады.
ШҚО-да лицензиялауға келетін ұйымдар саны – 36, оның ішінде 9 – үкіметтік емес, 27 – мемлекеттік мекеме. Бұл орталықтар әртүрлі санаттағы тұлғаларға қызмет көрсетеді: қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға. Тек аумақтық орталықтар арқылы 2024 жылы 5800-ден астам адам көмек алды.
Естеріңізге сала кетейік, лицензиялауға меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер жатады.
Өңірде қызмет көрсету процестерін цифрландыру «Socium» платформасы арқылы басталды, ал лицензияға өтінімдер Aleumet.egov.kz порталы арқылы қабылданады. Қазіргі таңда 27 ұйым лицензияланған.
Сонымен қатар, бұрынғы жалпы тарифтердің орнына қаржыландыру жүйесіне көшу жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, нормативтерді есептеу әдістемесі әзірленіп, қызмет көрсету сапасын мониторингілеу жүйесі дайындалған, ал орталықтардың өзі жаңа қаржыландыру жағдайларына бейімделу кезеңінен өтуде.
Мұндай шаралар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, бюджеттік шығын мәселелерін қамтамасыз етуге және әлеуметтік қолдау жүйесін азаматтардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.