Өскеменде бірнеше жерге граниттен жасалған жиектастар қойылып жатыр. Атап айтқанда, Ертіс көпірінің жанындағы айналмаға, Жеңіс даңғылы мен Қазақстан көшесіндегі гүлзарлар қамтылған.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұған дейін тұрғар бетоннан жасалған жиектастар құбылмалы ауа-райы мен қар тазалайтын көліктердің жұмысына төзімділігі төмен.
Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезде граниттен жасалып қойылған жиектастар әлі берік тұр.
Сондықтан қала көшелеріндегі бетоннан жасалған жиектастарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.