Шартты сурет: kursiv.media
Өскемен қаласының құрамындағы Меновное ауылында жылу желілері жөнделмек. Бұлай деп «Өскемен жылу желілері» компаниясы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, М.Горький көшесіндегі Жеңіс саябағынан әскери комиссариатқа қарай қозғалыс жолағы толығымен жабылып, қарама-қарсы жолақпен жүру міндеттеледі. Жөндеу жұмыстары 27 мамыр күні сағат 09:00-де басталып, 16 тамыз күні сағат 17:00-де аяқталады.
"Жылу желісінің бұл бөлігін ауыстыру тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деп хабарлайды «Өскемен жылу желілері» компаниясы.