"21 ғасырда көмір жаға ма, экология қалай болады?". Облыс әкімі Өскеменде салынатын үшінші ЖЭС туралы пікір білдірді


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 17-06-2024, 12:39 0

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев «Обожаю» ютуб-арнасының авторы Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Өскеменде салынатын жылу электр станциясы туралы пікір білдірді. Нақтырақ айтқанда, орталықтың көмір қолданатыны жөнінде көзқарасын айтты деп хабарлайды Bizdin Oskemen сайтының тілшісі. 

Журналистің «Өскемендегі онсыз да ауыр экологиялық жағдайына байланысты көмірдің уақыты өткен жоқ па?» деген сұрағына әкім «соңғы технологиялармен жабдықталған ЖЭС-тен қалаға келтірілетін залал мөлшері аз» деп жауап берді.

- Бізде қазір газ жоқ, бірақ бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан газ әкелінген жағдайда ЖЭС газ жағатын болады. Ал ЖЭС-ті газ әкелінетін уақытта сала бастаса, оның мерзімі 3-4 жылға созылып кетуі мүмкін, - деді Ермек Көшербаев.

Айта кету керек, Өскеменде көмірмен істейтін тағы екі ЖЭС пен бірнеше қазандық бар. Экологтар жаңа ЖЭС іске қосылатын болса, ескілерін тоқтату керек дегенді айтады. Себебі экология жағдайы нашарлауы мүмкін. Ал ШҚО әкімдігінің өкілі жуықта ескі ЖЭС-тер жабылмайды, бірақ бірнеше қазандықты тоқтату жоспары бар дегенді айтқан.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив