Күршім ауданында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр. Биыл аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жобаның жалпы құны – 1 миллиард 276 миллион теңге. Кешен бой көтерісімен аумағы абаттандырылып, асфальт жолдар, орындықтар, урналар мен шағын сәулеттік нысандар орнатылады.
Сондай-ақ Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінде спортзал салу жоспарланған. Құны – 324 миллион теңге. Қазір мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс өтіп жатыр.
Биыл елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Қойтас ауылына – 15 миллион, Бурабайға – 71 миллион, Күршім ауылындағы Малдыбаева және Ибежанов көшелеріне – 20 миллион, Қыстау-Күршім ауылына – 10 миллион, Ақсуатқа – 25,4 миллион, ал Жолнұсқау ауылына – 21,3 миллион теңге қарастырылған.
Сонымен қатар балалар мен жастарға арналған алаңдар салынады. Күршім ауылында үш балалар ойын алаңы орнатылады, оған 36 миллион теңге бөлінді. Қойтас пен Ақсуат ауылдарында футбол алаңына – 15 миллион теңгеден. Теректібұлақ, Қайнар және Құйған ауылдарында балалар алаңдарына – 12 миллион теңгеден. Бурабайда саябаққа – 20 миллион, Сарыөлеңде №1 футбол-волейбол алаңына – 15 миллион, №2 саябаққа – 15 миллион теңге бөлінді. Барақ батыр ауылында хоккей алаңы салынады – 11 миллион теңге. Аманат пен Жолнұсқау ауылдарында балалар алаңдарын қоршауға – 3,6 миллион теңгеден, ал Қалғұты ауылындағы демалыс саябағына – 15 миллион теңге қаралған.