Күршімде бес айда 71 сәби дүниеге келді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 17:08 0

Күршім ауданында жылдың алғашқы бес айында 71 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Осы уақыт аралығында ана мен бала өлімі болған жоқ, табиғи өсім оң нәтиже көрсетіп отыр. 

Жалпы ауданның денсаулық сақтау саласында жағымды жаңалық көп. 10 мыңнан астам тұрғынды қамтитын жылжымалы кешен жұмысы басталды. Ал тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 57,8 миллион теңге бөлінді.

Жылдың екінші жартысында аурухананың бірнеше бөлімін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланды. 

Сонымен қатар мамандар шетелдік тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін арттырып жатыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив