Журналист Асхат Ниязов Өскеменде жүр. Не үшін келгенін бізге айтты


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-06-2024, 16:45 0

Сурет: Талғатжан Мұхамадиевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Белгілі журналист, «Обожаю» youtube-арнасының авторы Асхат Ниязов Өскеменге келді. Келу себебін Bizdiң Өskemen сайтының тілшісіне айтып берді.


"Даниал Ахметовтың ШҚО әкімі орнынан кеткеніне бір жыл толды. Аймақта осы аралықта не өзгергені туралы видеоматериал әзірлеуге келдім", - деді ол телефон арқылы.


Өскемендік журналист Талғатжан Мұхамадиев осы тақырып туралы Асхат Ниязовқа сұхбат бергенін айтып, екеуінің бірге түскен суретін жариялады.


"Асхат Ниязов әріптесімізбен суретке түстік. ШҚО-ның бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың қызметтен кеткеніне тұп-тура бір жыл болыпты. Сол жайлы репортаж түсіріп жүр екен. Бір-екі ауыз сөзді біз де айттық", деді өскемендік журналист.


Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Обожаю» youtube-арнасының авторы Асхат Ниязов ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен сұхбаттасқан болатын.

Даниал Ахметов 2014 жылдың 1 қарашасынан 2023 жылдың 16 маусымына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған. Ол облысты ұзақ жыл басқару жөнінен Қазақстанда рекорд орнатқан.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив