Күршімдегі айналма жол: 8 шақырым жол тағаны салынды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 15:00 0

Күршім ауданының орталығында айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 8 шақырым жол тағаны салынды.

2024-2026 жылдарға жоспарланған бұл жобаның жалпы құны – 3 412 576,0 мың теңге. Биыл облыстық бюджеттен 201 000,0 мың теңге бөлініп отыр. Аудан әкімдігі қаражат толық игерілгенін мәлімдеді.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 8 шақырым жол тағаны салынды. Жолдың құрылыс барысы толығымен бақылауда», - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Сонымен қатар аталмыш аудандағы Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралды жолының  12-27 шақырымы, Күршім-Қалжыр-Марқакөл жолының 75-91 шақырымы, Күршім-Қалжыр-Ақсуат жолының 37-47 шақырымы жөнделіп жатыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив