Күршім ауданының Жолнұсқау және Егіндібұлақ ауылдарына кең жолақты интернет тартылып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өңірлік коммуникациялар алаңында баяндама жасаған Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлібеков аудан ахуалы туралы баяндады.
– Күршім ауданы, Жолнұсқау ауылын кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін ИКИ бар антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Жобаның жалпы соммасы – 98 812,0 мың теңге. Құрылыс – монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда электр желілерін және ұялы байланыс операторларының жабдықтарын қою жұмыстары жүргізілуде, – деді Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлібеков.
Сонымен қатар, Күршім ауданы, Амангелді учаскесін кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін жалпы соммасы 188 426,0 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс – монтаждау жұмыстары аяқталған. Электр желілерін және ұялы байланыс операторларының жабдықтарын қою жұмыстары жүргізілуде. Егіндібұлақ ауылын да кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылды.