Ертең Арбатта қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:38 0

Өскемендегі Арбат алаңында ашық аспан астындағы көрме және шеберлік сағаты өтеді. Оған Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының суретшілері мен зергерлері қатысады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ертең жерлесіміз Сержан Баширов пен өзге де танымал қолөнершілер шеберлік сағатын өткізбек. 18 маусым күні сағат 14.00-17.00 аралығында Өскемендегі Арбат алаңында ашық аспан астында Астана, Алматы, Қарағанды ​​қалаларының суретшілері, зергерлері, қыш және киіз шеберлері ата-баба өнерін көпшілікке үйретпек.

Сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылады. Жиналған жұртшылыққа шеберлермен тікелей сұхбат құруға мүмкіндік болады. 

Дәл осындай кездесулер 20-21 маусым күндері Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандарындағы мәдениет үйлерінде ұйымдастырылмақ.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив