Өскемен қаласының прокуроры лауазымына бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының қадағалау органдарында жұмыс істеген Тимур Шақпантаев тағайындалды.
Тимур Қайратұлы 1987 жылы дүниеге келген. ҚАЕУ-ді заңгер мамандығы бойынша, ал С. Аманжолов атындағы жоғары оқу орнын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Риддер қалалық прокуратурасында бастаған.
Бұған дейін Риддер қаласы прокурорының көмекшісі, Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі, мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі, Глубокое ауданы прокурорының аға көмекшісі, Өскемен қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Айта кету керек, Тимур Шақпантаевтың әкесі Қайрат Шақпантаев Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болған, қазір Абай облыстық сотының төрағасы.