Өскемен титан-магний комбинаты 24 млн айыппұл төлейтін болды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:00 0

сурет: ШҚО Экология департаментінен

Экология департаментінің өкілдері Өскемен титан-магний комбинатына қатысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Тексеру барысында 19 мамыр күні хлорлау қондырғысында технологиялық ақау болғаны расталды. Газөткізгішті тазалау кезінде артық қысым пайда болып, бу-газ қоспасы атмосфераға тараған. Бұл жағдай шамамен екі сағатқа созылған. Бұл туралы ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті де растап отыр.

Сонымен қатар газ тазарту жабдықтарын пайдалануға қойылатын талаптардың сақталмағаны анықталды. 

Тексеріс нәтижесі бойынша Өскемен титан-магний комбинатына 24 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Талаптар орындалмаған жағдайда қайта тексеру тағайындалады. 

Естеріңізге сала кетейік, 19 мамыр күні сағат 18:21-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ аумағында сары түсті белгісіз газдың таралғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары мен ШҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметкерлері жедел оқиға орнына жетті. Облыстық жедел штаб құрылып, жағдайға мониторинг жүргізілді.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив