Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Рашид Блялов тағайындалды. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Рашид Бекетұлы 1973 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызмет істеп келеді.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы.
2017-2021 жылдары Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары. 2021 жылдан осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
ІІІ, ІІ, I дәрежелі «ТЖ алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Ішкі істер органдарының ардагері» медальдарымен марапатталған