Шемонаихада кәсіп бастаушыға грант, маманға үй беріліп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:21 0

Шемонаиха ауданында кәсіп ашуға ниетті тұрғындарға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант беріледі, деп хабарлайдф Bizdiң Өskemen.

– Өтінімдер қабылданып, қаралып жатыр. Қазірдің өзінде жем шығаратын кәсіпорын үшін несие пайызына субсидия берілетін жоба мақұлданды, – деді аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов.

Сондай-ақ ауданда жұмыс орындары да көбейді. Жыл басынан бері 136 тұрақты жұмыс орны ашылып, 182 адам бос орынға орналасқан. Ал 173 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіліпті. 

Жұмыс күші көп аймақтардан 4 адам көшіп келген. Оған қоса бір дәрігер мен үш медбике ауданға келіп жұмыс тапқан. Соның ішінде бір маманға үй берілсен, екеуіне көтерме жәрдемақы ұсынылыпты.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив