Шемонаиха әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов ауданның бес ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнін айты,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Жыл басынан бері ауданда даму көрсеткіштерінің оң динамика байқалады. Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп тұр. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының, шағын және орта кәсіп нысандарының жұмысында да кідіріс жоқ. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 103 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері 117 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 102 пайызға ұлғайды, – деді спикер.
Оның айтуынша, аудан экономикасына салынған инвестиция көлемі артып, 103 пайызға жеткен. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 115 пайызға артса, тауар айналымы 117 пайызға өсіпті.