ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 3-07-2024, 14:15 0

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ербол Нұрғалиев тағайындалды. Осыған дейін ол ШҚО әкімі аппаратының басшысы қызметінатқарған. 

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда Абай облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Қызмет жолын 1994 жылы ШҚО Жарма ауданында ауыл мұғалімі болып бастаған. 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2017 жылы  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарса, 2018 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды. 2019 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив