Бишімбаев ісі бойынша танымал болған прокурор Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды
Қазіргі таңда Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.
Айта кетейік, жақында прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылаған. Ол Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погоны ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялаған болатын.