Өскеменде үш жүз көшет отырғызылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 19:00 0

5 маусым  –  Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне орай облыстық драма және оперетта театрының маңына көшеттер отырғызылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының белсенділері және экобелсенділер театр маңына үш жүз көшет екті.

– Театр маңында бүгін үш жүз көшет отырғызып жатырмыз. Одан бөлек №21 шағын аудан мен Карбышев көшесі бойында да осындай абаттандыру жұмысы жалғасады, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы.

Ұйымдастырушылар жастардың жоғары белсенділігін атап өтіп, табиғатты қорғауға және өңірдің жасыл инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлестері үшін барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив