Шартты сурет
Өскеменде жолдың бірқатар учаскелерінде жаңа жол белгілері пайда болды. Олар ақ және сары түстермен боялған.
Алайда, негізгі көшелердегі жолақтар бұрынғы күйінде қалып отыр.
"Таза Өскемен" мекемесі олардың жұмыстары тек жол белгілерін бояумен шектелетінін түсіндірді. Ал орталық көшелердегі пластик жолақтарды қалпына келтіру үшін басқа мердігер ұйым тартылуы қажет.
Себебі, мұндай арнайы техника коммуналдық қызметтердің иелігінде жоқ.