Шемониха ауданының ауыл шаруашылығы саласында үш ірі жоба жүзеге асты. Қазір үш бірдей тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов айтты,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шемониха аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдары егіс науқанын толық аяқтады. Егіс алқабының көлемі кеңейіп, 138 мың гектарға жеткен. 71,4 мың гектар алқапқа дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 54 мың гектар жерге майлы дақылдар, 13 мың гектар аумаққа мал азығы мен көкөніс дақылдары егілді.
«Сонымен қатар ауданда тауарлы сүт фермаларын салу бойынша үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асты. Олар: «Белокаменское» , «Хамзин С және Компания» мен «Рулиха» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қаңтар айында бұл мекемелерге 160 бас ірі қара жеткізілді», - деді спикер баспасөз мәслихатында.