С.Аманжолов университетінде еңбекақы қанша, оқу ақысы өсе ме?


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-07-2024, 16:50 0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы тақырыбында 15 шілде күні баспасөз мәслихаты өтті. 

2023 жылғы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы университет ректоры Мұхтар Төлеген есеп берді. 

-Қазір Шығыс Қазақстан облысында  педагогика мамандығы бойынша 230 орындық вакансия бос, біз сол бос орындардың барлығын жабамыз. Өйткені биыл біздің жоғары оқу орын студенттеріміздің 659-ы мемлекеттік грант иелері, түлектеріміз педагогикалық бағытта диплом алды. Сонымен қатар  2017 жылы ғылымды қаржыландыру университетіміз бойынша 110 млн теңгені құраса, биыл 3 млрд теңгені құрап отыр. Сондай ақ  біздің ғалымдарымыз ғылыми бағыттағы түрлі  конкурстарға қатысып 113 ке жуық ғылыми жобаларды ұтып алды. 2023 жылы ұтып алған ғылыми жоба аясында  суммасы 338 млнды құрайтын су тапшылығы бойынша композициялық фильтрлер дайындайтын боламыз.  Мамандықтардың атласы бойынша негізі базалық университет С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті болып саналады, - дейді Мұхтар Төлеген. 

Баспасөз мәслихатында ректорға жоғарғы оқу орнында орын алған жатақана мәселесі туралы, оқытушылардың жалақысы жайында сұрақтар қойылды. 

-Көктемде студенттер үйінде жатақана мәселесі бойынша үлкен шу болып шешімін тапқан, ал қазір сіздерде жатақана мәселесінің жағдайы қалай және де студенттерге қандай жағдай жасалған? 

-Жатақанада бізде барлық жағдайлар жасалған қазір жаз уақытында бүкіл жөндеу жұмыстарын бәрін жүргізіп қойдық. Екі мыңға жуық жаңа матрастар, жаңа төсек орындарын алып  ішіне жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Төбесінен су ағатын жерінен бәрін бекіттік. Жалпы жатақана 100 пайыз студенттерді қабылдауға дайын. 

-Биылдан бастап алдағы 4 жылда оқу ақысы бағасы қымбаттай ма әлде өзгеріссіз қала ма?

-Оқу ақысына байланысты оқу ақысын өзгертіп отырған жоқпыз, тек жыл сайын инфилицияның көлеміне байланысты 10 пайызға қосамыз. Егер былтыр оқу ақысы 600 мың теңге болса, ұлттық университеттерде бұл 2 млннан асады. Ал бұл өңірлік университет болғандықтан оқу ақысы 600 мың теңгені құрайды.

-Қазіргі уақытта оқытушылардың орташа жалақысы туралы айта кетсеңіз? 

-Орташа жалақы бізде 330 мың теңгені құрап отыр. Бұл ұлттық университеттері соның ішінде Сатпаев университетімен біздің оқытушыларға төлетенетін айлық бірдей. Лаборанттар бұрын 27 мың теңге айлық алатын, қазір 180 мың теңге жалақы алады. Ғалымдардың өздерінің айлықтары ұтып алған ғылыми жобаларына байланысты. Профессорлар 500 мың теңгеге дейін алады. Біз қазір жұмыстан кетушілер азайды. 2018 жылдары жұмыстан кетушілер көп болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш азайды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив