Өскеменде ақындардың поэзия фестивалі өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-06-2024, 16:45 0

14 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында «Төр Алтай жырлайды» атты дәстүрлі поэзия фестивалі өтеді. Биылғы іс-шара ҰлықбекЕсдәулетовтің70жылдығына арналады. 

Фестиваль аясында елге белгілі қаламгерлер мен өнер иелері, атап айтқанда, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есдәулетов Ұлықбек, оның жұбайы Бейсегүл Кежебекқызы, ақын Маралтай Райымбеков, Жүргенов атындағы өнер академиясының доценті, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, опера әншісі, Мәдениет қайраткері Тілеубек Қожанұлы, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаров, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлнар Салықбай, ақын, Республикалық «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин Өскеменге келмек.

Жыл сайын ұйымдастырылатын фестиваль бағдарламасына Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі, Тәуелсіздік монументіне және С.Нұрмағамбетов ескерткішіне тағзым жасау, Шығыс Қазақстан ақындарының өлең оқығаны кіреді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар