Өскеменде ақын Ұлықбек Есдәулеттің 70 жылдығына арналған «Төр Алтай жырлайды» поэзия фестивалі өтіп жатыр.
Фестиваль аясында елге белгілі қаламгерлер мен өнер иелері, атап айтқанда, ақын Ұлықбек Есдәулет, ақын Маралтай Райымбеков, опера әншісі Тілеубек Қожанұлы, жазушы Әлібек Асқаров, ақын Гүлнар Салықбай, ақын Қалқаман Сарин Өскеменге келді.
Олар Абай ескерткішіне гүл қойып, Тәуелсіздік монументіне және С.Нұрмағамбетов ескерткішіне тағзым жасады.
"Ертіс концерт" мәдениет сарайында жыр кеші өтіп, Әскерхан Ақтай, Олжас Керейхан, Мұратхан Кенжеханұлы, Құмар Зиятхан, Дана Исағұл, Дәулетберді Жекей, Оразай Жеңісұлы, Естай Жаңабай сынды ақындар өлең оқыды. Поэзия кешінің соңында ақындардың барлығы арнайы сертификат пен ақшалай сыйлыққа ие болды.
Айта кетейік, «Төр Алтай жырлайды» поэзия фестивалі жыл сайын ұйымдастырылады.