Тағы бір фестиваль. Өскеменге қалың ақын келе жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 21-05-2024, 15:08 0

Ақын-жазушылар Өскеменде. 2021 жыл

14 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында «Төр Алтай жырлайды» атты дәстүрлі поэзия фестивалі өтеді. Фестиваль ұйымдастырушылары келетін ақын-жазушылардың аты-жөнін жариялады. 


"Елге белгілі қаламгерлер мен өнер иелері іс-шараның құрметті қонағы болады. Олардың қатарында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әлібек Асқаров, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы, жазушы Мереке Құлкенов, танымал күйші Секен Тұрысбек, ақындар Серік Ақсұңқарұлы, Бақыт Беделхан,  Маралтай Райымбеков және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, опера әншісі Тілеубек Қожанұлы бар", деп жазылған ақпаратта.


Фестиваль жыл сайын ұйымдастырылатын әдеби іс-шара. Оның аясында қаламгерлер кітапханаларда оқырмандармен де кездесіп, көкейдегі сауалдарына жауап береді. Ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталады. 



Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар