"7,5 млн теңгенің жұмысы істелмеген" Маралдыдағы жаңа медпункт туралы


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 30-05-2024, 12:40 0

2023 жылы Күршім ауданы Маралды ауылында жаңа медициналық орталық салынған. Желтоқсан айында ескі медпунктің қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшкен. Бірақ «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстандағы өкілі Әділ Пішенов онда «бірқатар кемшілік» анықталды дейді.
«2023 жылғы 10 мамырдағы шарт бойынша сомасы 117 684 914 теңгеге келісіліп, 4 айда салынған жаңа медициналық орталықты тексеру кезінде 7,5 млн теңгенің жұмысы жоқтығы анықталды, қаншама қажетті құрылғылар әкелінбеген», - деді Әділ Пішенов.
Ол мысал ретінде бірнеше кемшіліктерді атап өткен. Мысалы, шатыр қоршалмаған, пандус дұрыс салынбаған (онда мүгедектер арбасымен жүру мүмкін емес, тұтқалары жоғары орналасқан), шатырдың сапасыздығынан екі кабинеттің үстінен су ағып тұр, т.б.
Жаңа медициналық орталыққа тапсырысты облыстық құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы берген. Ал құрылысты «ГрадСтройСервис» компаниясы іске асырған.
Бұл ақпарат бойынша Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды сұраған. Бірақ әзірге жауап келген жоқ.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының «Әділдік» тұғырнамасын қолдау мақсатында құрылған. Бірлестік сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу мақсатында облыстарда тәуелсіз тексерулер жүргізеді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив