Өскеменде 1-2 қараша күндері Күршім және Марқакөл аудандарының мәдени күндері өтеді.
1 қараша күні сағат 18:00-де Протозанов көшесі, 43 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық филармония залында Күршім және Марқакөл аудандары өнерпаздарының гала-концерт өтеді. Сонымен қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалауға болады.
2 қараша күні сағат 8:00-ден бастап Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» жаңа көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында Күршім және Марқакөл аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.