Ұландағы 14 ауылда интернет болады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:12 0

Ұлан ауданында 14 ауыл 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен мобильді интернетпен қамтылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Өзекті бағыттардың бірі аудан тұрғындарын интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікпен 100% қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда ауданның 45 елді мекенінің 31-і мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Қалған 14 ауылды (Сарыөзек, Жантас, Манат, Отрадное, Восточное, Украинка, Макеевка, Борсақ, Тройницкое, Смолянка, Алғабас, Мирное, Азовое, Б.Өтепов) Жол картасына сәйкес 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарда бар, – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары  Лязиза Кенжетаева.

Ұлан ауданында 2024 жылы 4 ауыл интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілген болатын. Ал 2025 жылы Жоғарғы Тайынты ауылында АМС қосылды. Сонымен қатар, ауданның 12 жалпы білім беретін мектебінде Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін "Starlink" жиынтықтары орнатылды.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив