Лагердегі балалар құтқарушы "Хитпен" танысты

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 15:17 0

Шығыс Қазақстанда балалар демалыс лагерлерінің маусымы басталды. Демалыс тиімді және қауіпсіз өтуі үшін ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлері арнайы шеберлік сағаттарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ең есте қаларлық сәт балаларды кинологиялық есептің  Лабрадор тұқымдас құтқарушы иті "Хитпен" таныстыру болды.

Сонымен қатара, балалар кедергілерден өтіп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, суға батып бара жатқан адамды құтқарып, шартты өртті жоюы қажет болды. Барлық кезеңдер қызықты өтті, балалар олардан өтіп, төтенше жағдайда жүріс-тұрыс дағдылары мен білімдерін арттырды.

ТЖ қызметінің қызметкерлері өткізетін викториналардың, конкурстардың, жарыстардың көмегімен ұлдар мен қыздар табиғи ортадағы, оның ішінде су объектілеріндегі жүріс-тұрыс ережелері туралы білді, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде не істеу керектігін есіне алды.

Мұндай сабақтарды ТЖМ қызметкерлері барлық жазғы лагерлерде өткізетін болады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив