Катонқарағай және Үлкен Нарын ауданының мәдени күндері Өскеменде өтеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-10-2024, 13:30 0

11 қазан күні сағат 18:00-де Өскемен қаласында «Шығыс Қазақстан облыстық филармония» көрермендер залында Катонқарағай ауданы мен Үлкен Нарын ауданының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 

Шығармашылық кеш қарсаңында аудандардың халық қолданбалы өнері және көркемөнер шеберлерінің көрмесін, «Берел» тарихи-мәдени қорық-музейі мен Үлкен атындағы тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлерінің және Катонқарағай ауданы мен Үлкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалауға болады. 

12 қазан сағат 08:00-ден бастап Өскемен, Жібек жолы даңғылы 44 мекенжайында орналасқан «Шығыс Алтай Сауда» үйінің алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен концерттік бағдарлама өтеді.

Сонымен қатар «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Қой көтеру» және т.б. спорттық ойындар өтеді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив