Ұлан ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 5,5 шақырым жол орташа жөнделеді. Бұған Қасым Қайсенов кенті мен Отрадное, Сағыр ауылдарының жолы кіреді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Қазіргі уақытта 13 ауылда (Донское, Герасимовка, Казачье, Украинка, Жантас, Таврия, Гагарино, Саратовка, Баяш Өтепов, Сарыөзек, Жаңа Қанай, Мамай батыр, Бестерек) көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, «Алмасай ауылына кіреберіс 0-6,5 км» а/ж және «РД-Айыртау-Жаңа-Қанай» а/ж 0-4 км орташа жөндеу жұмыстары басталды, – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева.