Жасөспірімдер жазда неше сағат жұмыс істей алады?

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:00 0

Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде жасөспірімдердің жазғы жұмысы еңбек заңнамасына қатаң сәйкес келуі және зиян тигізбеуі тиіс екенін еске салды.

Заң бойынша, кәмелетке толмағандар 14 жастан бастап жұмыс істей алады. Бірақ, міндетті түрде ата-анасы немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі болуы тиіс. Рұқсат етілген жағдайдың өзінде уақыт талаптарын сақтау шарт:

14 жастан 16 жасқа дейінгі балалар аптасына 24сағаттан артық жұмыс істей алмайды. 16жастан 18жасқа дейінгі жасөспірімдер аптасына 36сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды.

Жасөспірімдерді сағат 22.00 мен 06.00 уақыты аралығында жұмыс ауысымдарына тартуға тыйым салынады. 

- Әр бала қауіпсіз және толыққанды балалық шаққа құқылы. Ересектер балаларды қанаудан қорғауға міндетті. Бұл нормаларды бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, - деді Комитет төрағасы Насымжан Оспанова.

Заңсыз балалар еңбегі анықталған жағдайда қазақстандықтардан Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне, мемлекеттік еңбек инспекторларына немесе 111 нөмірі бойынша байланыс орталығына жүгіну сұралады. 


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив