Самар ауданында жаңа бастоғанның құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жоба — аудан халқының ауызсуға деген сұранысын сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған маңызды бастама. 1 шілдеден бастап жаңа бастоған сынақ режимінде жұмыс істей бастайды, ал 1 тамыздан бастап толық іске қосылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жаңа бастоғанның іске қосылуы — аудан үшін үлкен өзгеріс болмақ. Судың түнгі уақытта жиі өшуі сияқты мәселелер шешімін табады. Сонымен қатар тұрғындар тәулік бойы таза және сапалы ауызсуға қол жеткізе алады.
– Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және барлық процес жауапты мекемелердің бақылауында. 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аудан тұрғындарынан жаңа жүйеге біртіндеп қосылуды сұраймыз. Осы уақыт аралығында қолданыстағы ескі бастоған да өз жұмысын жалғастыра береді. Айта кету керек, қазіргі қолданылып жүрген су жүйесі 8 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді, алайда соңғы жылдары оның қуаты мен сенімділігі тұрғындардың сұранысын толық қанағаттандыра алмай отыр, – деді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.
2019 жылы басталған бұл жоба түрлі себептермен бірнеше рет кейінге шегеріліп, ұзақ уақыт аяқталмай келген болатын. Биыл сәуір айынан бастап маңызды нысандағы құрылыс жұмыстары қайта қолға алынды. Су жүйесінің іске қосылуы ауылдағы жүздеген тұрғынның өмір сапасына тікелей әсер етпек.