“Нұрлыкөш” ауылының мәселесі сотта қаралады


Басты / ЖАҢАЛЫҚТАР 22-05-2024, 14:49 0

Шығыс ауылы. Сурет: inbusiness.kz

Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі Шығыс, ел арасында “Нұрлыкөш” деп аталатын ауылдың тұрғындары арендалық баспана ақшасын уақытылы төлемеді деп сотқа жүгінді. Айтуларынша, тұрғындар қарызының үстінен өсімақы жүріп кеткен. Ауыл адамдары мұны “негізсіз” деп есептейді.

 

Әкімдікке қарасты бөлім қазіргі уақытта он тұрғынның үстінен талап-арыз түсірді. Ал жалпы “қарыздар” саны жүзден асады. Алдымен осы он адамның мәселесін сотта шешіп алуды көздейді мемлекеттік мекеме.

 

Ақпаратқа қарағанда, тұрғындар 2012 жылдан бері ай сайынғы ақшаны уақытылы төлемеген. Күн сайын оларға 0,1 пайыз өсімпұл қосылған. Әр отбасы 500 мың - 1,5 млн теңге аралығында берешек.

 

Ал тұрғындар өсімақы есептелуі мүмкін емес дейді. Олардың айтуынша, халық "сапасыз", "суық" үйлерді өз ақшасына жөндетіп алған. Бұрынғы ШҚО әкімі, марқұм Бердібек Сапарбаев “үйлерді жөндетіп алсаңыздар, өздеріңіздікі болады деп уәде еткен. Сол кезде сондай келісім болған” дейді.

 

Ал мемлекет меншігіндегі үйді әлі өз қаржысына жөндетпегендер әкімдіктен жөндеп беруді сұрайды.

 

Өсімақы мәселесі биыл ақпанда көтерілді. Әкімдік келісімшартта көзделген шарттар бойынша, өсімақы есептелді деп түсіндіреді. Түйткілді жағдайдың түйіні алдағы сотта шешілуі мүмкін. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар