✅Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы лауазымына Мұратхан Сағатов тағайындалып отыр. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің парақшасына жазды.
- Мұратхан Әшімұлының бұл саладағы тәжірибесі мол, мемлекеттік қызметте ол 1988 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
✅Спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалған Диас Ерланұлы – жас кәсіби маман. Ол - жас болса да, бас болып, кәсібилігімен көзге түсіп жүрген азамат. Жаттықтырушы ретінде жақсы тәжірибесі бар, сондай-ақ ұйымдастырушылық және басшылық қызметте де тәжірибе жинақтап үлгергені аса маңызды. Екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, жекпе-жектен түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Олардың тәжірибесі мен дағдылары Өскеменнің мүддесіне табысты қызмет етеді деп сенемін. Жаңа басшыларға және олардың ұжымдарына жұмыста табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін! деп жазды Жақсылық Омар.