Бас прокуратура суицидке итермелейтін Telegram арналарға тексеріс жүргізеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-10-2024, 13:30 0

Интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. 

– Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке қатысты бірнеше Telegram арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі. Интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады. Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым, - деп жазды Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бас прокурордың мәліметінше, қажет тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалады. 

– Ішкі істер министрлігіне суицидтің барлық фактісінде Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз, - Бас прокурор.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар