Бас прокурор: балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-10-2024, 13:30 0

1 қазан күні Бас прокурор Берік Асылов балалардың суицидіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Берік Асыловтың айтуынша, балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. 

– Прокурорларға әрбір факті бойынша тергеуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырдым. Прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттады. Қазіргі кезде қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейміз, - деп жазды Берік Асылов бұрынғы Twitter әлеуметтік желісінде.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив