Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің маңында бекеттер пайда болуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-09-2024, 17:30 0

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің екі жағында бекеттер пайда болуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев хабарлады. 

– Біз үшін қазір Бұқтырма арқылы өтетін көпірден көліктердің жол қозғалысы ережелерін бекіту өте маңызды. Яғни, көпірде кептелістің болуына және келеңсіз оқиғалардың орын алуына жол бермеуіміз керек. Мен бұл туралы неге айтып отырмын? Өйткені көпірге кіреберісте немесе шығар жолда жол апаты болса көпір жабылуы мүмкін. Көліктер арасындағы қашықтықты сақтаған жөн. Көпір маңына тиісті белгілер орнатылуы керек. Көпірге түсетін жүк өте үлкен болады,  - деді облыс әкімі. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив