Төрт түлікті эпизоотиядан қорғауға күш салып жатыр – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:00 0

Шығыс Қазақстанда ветеринариялық қызметте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі мен «VET-MOBILE» мобильді қосымшасын енгізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Бұл ақпараттық жүйелер құжат айналымын электронды форматта жүргізуге мүмкіндік береді. 2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен жұмыс істеу үшін Шығыс Қазақстан облысындағы ветеринариялық пункттер 108 планшетпен және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталды. Биыл 484 265 бас ауыл шаруашылығы жануарлары төлін бірдейлендіру жоспарланған.

– 2025 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары төлін бірдейлендіру жоспары – 484 265 бас, оның ішінде: ІҚМ – 178 900 бас, ҰҚМ – 231 560 бас, жылқы – 57 500 бас, түйе – 40 бас. Бүгінгі таңда жоспардың 20,8%-ы немесе 100 914 бас орындалды, – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин. 

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру өңірдің эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және аса қауіпті аурулардың алдын алудың негізгі ұйымдастыру-шаруашылық шараларының бірі. Бұл үдеріс барлық ветеринариялық шараларды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етеді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив