Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлттық кітап күні аясында зияткерлік ойын өтті.
«Bizdiң Өskemen Quiz - BOOKSTAR» зияткерлік ойының мақсаты кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау.
Облыстық кітапханада өткізілген тартысты бұл ойынға барлығы 17 команда қатысты. «Бұқар жырау», «EastiiIer», «Ахмет ізбасарлары», «Mucalimmen», «40 gazag», «Келісіп алайық», «NewTon», «Апыр-топыр», «Жұрттың баласы», «Tas-Talqan», «Good vibes», «Бажуха», «Ну, погоди», «Ұят болмасын» т.б.
Зияткерлік ойын 7 турдан тұрды. Әр тур сайын әдеттегідей қызықты сұрақтар қойылды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар сертификат, сыйлықтармен марапатталды.