Өскеменде 80 шақырымдық марафон өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР 23-04-2025, 14:09 0

Жеңістің 80 жылдығына орай өскемендік әскери қызметшілер 80 шақырымдық марфонды бағындырды. Олар сексен шақырым қашықтықты сегіз сағаттан астам уақытта жүгіріп өтті , деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Марфонға өскемендік әскери қызметшілер 1-сыныпты сержант Қуат Қасымов, 3-сыныпты сержант Данияр Сапаралиев және сержант Санат Қазбеков қатысты. 

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі жүгіруді  Сұлусары ауылының тұсынан бастап Жаңа Ахмер кентіндегі әскери бөлімде аяқтады. 

– Бұл марафонды ұйымдастырудағы басты мақсат – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерімізге құрмет көрсету. Әр шақырым біз үшін жауынгерлердің ерлігі мен табандылығын еске түсірді. Батырлардың рухы бізге күш беріп отырды, – дейді Данияр Сапаралиев. 

Олар 80 шақырымдық қашықтықты 8 сағат 24 минутта бағындырған. Бұл марафон әскери қызметшілер үшін тек спорттық жетістік қана емес, Отан үшін жанын қиған батырларды еске алудың жарқын үлгісі болды. Марафоншыларды әріптестері құрметпен қарсы алды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив