Еліміздегі ең ұзын көпірге 100-ден астам камера орнатылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 23-10-2024, 15:20 0

Жақында ашылған Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпірден алғашқы тәулік ішінде көпір үстімен 1,5 мың көлік жүріп өтті. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тәулік бойы бақылау үшін нысан бойында 102 камера орнатылды. Оның 62-сі нысанның үстіңгі жағында, ал қалған 40 камера көпір астындағы аумақта орнатылған. Сонымен қатар, мұздың жылжуы кезінде көпір тіректеріне зақым келтірмеу үшін нысанда 40 мұзкескіш қондырғы жұмыс істейді. 

Көпірдің екі жағында тәулік бойы полиция бекеттері жұмыс істейтін болады. Нысанға уақтылы техникалық қызмет көрсету үшін бақылау пункттері де қарастырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив