Мал соятын 82 орын қажет – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:00 0

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мал соятын 82 орын қажет, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Қазір 356 елді мекенде мал соятын 56 нысан бар. Бұл жөнінде облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин айтты.

– Жалпы өңірге 82 нысан қажет. Заңнамаға сәйкес, сою нысандарын салуды ұйымдастыру бизнестің міндеті, ал ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде, – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.

Шығыс Қазақстанда жұқпалы аурулардың ішінде бруцеллез көп таралған. Аса қауіпті ауруы бар малдың иесі 15 күннің ішінде малды союға міндеттеледі.  

– Қазір облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты. Облысымыз аса қауіпті мал ауруларынан таза, – деді спикер. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив