Алдымен Астанада жеңіске жеткен ШҚО оқушылары Түркияда да топ жарды. Осылайша «Fibonacci EuroAsia Robot Olympiad» халықаралық сайысында жеңіске жеткен өңірдің жас дарындары әлем чемпионатына жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО оқушылары халықаралық робототехника олимпиадасында жүлделі орын иеленді. Олар 2025 жылдың 15–16 наурызы аралығында Астана қаласында өткен “Fibonacci International Robot Olympiad” халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, Түркияның Анталья қаласында 16–20 сәуір күндері өткен халықаралық кезеңге жолдама алған болатын.
Осылайша олар “Fibonacci EuroAsia Robot Olympiad” халықаралық сайысында Түркия төрінде де топ жарды.
Нәтиже төмендегідей:
LEGO Line бағыты – 3 орын
Арнұрұлы Алихан — Өскемен қаласы №16 мектеп;
Дәулеткер Мансұр — Өскемен қаласы №43 мектеп;
Сейілқан Әли — Өскемен қаласы №43 мектеп.
Mini Sumo бағыты – 3 орын
Өмірханов Абай — Өскемен қаласы №24 мектеп;
Бижігітов Арсен — Өскемен қаласы №27 мектеп;
Arduino Line бағыты – 5 орын (TOP-5)
Бақберді Санжар — Өскемен қаласы №19 мектеп;
Зейнелов Амир — Өскемен қаласы №16 мектеп.
Оқушылардың бұл жетістігі өңірдегі техникалық шығармашылықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқандығының нәтижесі деуге болады.