ШҚО-да ветеринариялық шаралар қалай жүзеге асып жатыр?

ЖАҢАЛЫҚТАР 23-04-2025, 13:00 0

Шығыс Қазақстанда жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі. Биыл ауыл шаруашылығы жануарларының 12 аса қауіпті ауруына қарсы және эпизоотияға қарсы жұмыс жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдиннің айтуынша, бұл жұмыстардың барысында 4,7 млн доза вакцина қолданылады. Бүгінде 2,2 млн доза биопрепараттар жеткізілген.

– Бекітілген жоспарға сәйкес бүгінге дейін 539 833 профилактикалық іс-шара орындалды. Атап айтқанда, ірі қара малға сібір жарасы, аусыл және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы екпелер егілді. Сонымен қатар, иттер арасында құтырма, ал жыртқыш жануарлар арасында эхинококкоз ауруының алдын алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ертай Батхолдин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив