1 маусымда Өскеменнен Шымкентке тұрақты әуе рейсі ашылады. Рейстерді SCAT Airlines әуе компаниясы аптасына бес рет – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындайды.
– Біз бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болады деп күтеміз, өйткені Шымкент әуежайы одан әрі ірі шетелдік қалаларға – Мюнхен, Будапешт, Мәскеу және Ыстамбұлға қосылатын рейстерге қолайлы мүмкіндік туғызады, – деді Өскемен әуежайы АҚ президенті Серік Оразғалиев.
Билеттер сатылымға шықты. Рейстердің нақты кестесі мен брондау шарттары әуе компаниясының ресми сайтында және авиакассаларда қолжетімді.