Салық азайған жоқ. Көмек те көрсетілмеді. Балдан табиғи сусын шығаратын кәсіпкер тоқтап тұрған өндірісін қайта іске қосты


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР 22-05-2024, 17:19 0

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушанов ауылында бес жыл бойы балдан жасалатын табиғи алкаголді сусын, ауызекі тілмен айтқанда, “медовуха” өндіріп келген Алмас Таңғытұлы ақпан айында өнім жасауды тоқтатқан болатын. Себеп - салықтың көптігі мен өнім сатудың қиындығы. 
 
— Үлкен сауда желілеріне ақша беруіміз керек. 10 пайыздан 25 пайызға дейін. Жай ғана ақша беруіміз керек. Дүкенге кіргеніміз үшін ғана. Олар үстіне 40 пайыз, 100 пайыз қосып сатады. Бірақ біз кіргеніміз үшін де ақша беруіміз керек. Мен кішкентай кәсіпкер, қалай оған «артқы есіктен» 10-25 пайыз ақша беремін, деп БАҚ өкілдеріне жанайқайын жеткізген кәсіпкер ақпан айынде мемлекеттен көмек сұрап өнім шығаруды уақытша тоқтатқан еді.
 
Кеше, яғни 21 мамырда кәсіпкердің цехы қайта іске қосылды. Алмат Таңғұтұлының айтуынша, отандық өнімді қолдауға мемлекет тарапынан ешқандай көмек, немесе жеңілдік жасалмаған. «Баяғы – жартас, сол – жартас»

— Ештеңе өзгерген жоқ, шақырды сөйлестік, Бәрі тек сөзбен ғана, ешкімге ештеңе керегі жоқ, соған көзім жетті. Бәріне хат жаздым, Президентке де, премьерге де хат жаздым, проблеманы шешу жолдарына дейін жаздым. Ешқендай нәтиже жоқ, дейді өскемендік кәсіпкер.

Бастаған істі тұралап қалмауы үшін ол цехын қайта іске қосқан. Айтуынша, ауылда басқа жұмыс жоқ. Қаншама адам үйлерінде цехтың қосылғанын күтіп бірнеше ай көлемінде нәпақасыз отырып қалған.

— Олардың бала-шағасы бар, мойынымда тұрған жауапкершілік бар. Отандық өнімді мемлекет қолдайтын шығар деген үмітіміз болды. Енді амал нешік, жұмысқа кірістік, дейді Алмас Таңғұтұлы.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив