ШҚО-да 8 мың тоннадан астам балық ауланған

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:19 0

Елімізде бір жылда 45 мың тоннадан астам балық ауланған. Ал Шығыс Қазақстан облысы 8 мың тоннадан астам балық аулап  екінші орынға шыққан, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында 8 мың 347 тонна балық ауланған.Оның 4,8 мың тоннасы – табан. Ал 1,8 мың тоннасы көксерке, 600 тоннасы алабұға, 452 тоннасы шортан, 383 тоннасы аққайран, 312 тоннасы рипус балығы.

Жалпы елімізде бір жылда 45 мың тоннадан астам балық ауланған. Атырау облысы 9 483 тонна балық аулап көш бастаса, екінші орында Шығыс Қазақстан, ал үшінші орынды 7 044 тонна балықпен Қызылорда облысы иеленген.

Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді – бір жыл ішінде бар болғаны 31 тонна ғана балық ауланған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив